Қазақстандық Назым Ищанова Қытайдағы Цяньань қаласында бокстан өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады.
 
60 келі салмаққа дейінгі дәрежеде өнер көрсететін Ищанова бірінші жекпе-жекте Тонга Корольдігінің өкілі Пуэки Фифитамен кездесті.  Қазақстандық 3:0 (30:26, 30:27, 30:27) есебімен басым түсті.
 
Ищанованың келесі қарсыласы 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы Қытай өкілі Инь Цзюньхуа болмақ.