Бүгін үш боксшымыз Назым Ищанова (60 келіге дейін), Назым Қызайбай (51 келіге дейін) және Жәнібек Әлімханұлы (75 келіге дейін) Қытай Рио Олимпиадасының лицензиясы сарапқа салынатын турнирде сынға түседі.

BNews.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, кешкі 17:00-де Жәнібек Әлімханұлы жапониялық Макото Такахашимен, ал Назым Қызайбай бес дүркін әлем чемпионы үндістандық чемпион Мари Коммен кездеседі.

Айта кету керек, 26 наурыз күні Дариға Шәкімова (75 келіге дейін) мен Абылайхан Жүсіпов (64 келіге дейін) алғашқы жекпе-жектерін жеңіспен бастады. Шәкімова келесі айналымда моңғолиялық Эрденетуя Энхбаатармен, ал Жүсіпов оңтүстіккореялық Хунчул Лиммен жолығады.