«Astana Arlans» клубы келесі матчын 2 сәуірде Өскеменде өткізеді.
 
Бұл туралы «арландардың» бас директоры, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев мәлім етті. Серік Сапиев спортты кеңінен насихаттау үшін жекпе-жектер еліміздің түрлі өңірлерде өткізілетінін атап өтті. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен матчты Петропавл қаласында ұйымдастырдық. Біз әрбір жерлесіміз салауатты өмір салтын ұстануын қалаймыз», - деді Серік Сәпиев. 
 
Оның айтуынша, «Astana Arlans» командасының келесі матчын 2 сәуірде Өскемен қаласында өткізу жоспарланып отыр.
 
Еске сала кетсек, Дүниежүзілік бокс сериясы бойынша тұрақты чемпионат турнирінде (WSB) қазақстандық «Astana Arlans» бен пуэрторикандық «Puerto-Rico Hurricanes» клубы арасындағы кездесу 5:0 есебімен аяқталды.