Дүниежүзілік бокс сериясы бойынша тұрақты чемпионат турнирінде (WSB) қазақстандық «Astana Arlans» бен пуэрторикандық «Puerto-Rico Hurricanes» клубы арасындағы кездесу 5:0 есебімен аяқталды.
 
ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұған дейін Мардан Берікбаев пен Нұрсұлтан Көшеғұлов жекпе-жегі сәтті аяқталып, команда жарыс аяқталмай жатып жеңіске ие болған. Үшінші ұпай 64 келідегі пуэрторикандық боксшы рингіге шықпай қалған соң жазылды. 
 
Содан соң 91 келіде шығатын Еркін Мұхаметжан бірінші раундтың екінші минутында Иван Росадо Торресті нокаутқа жіберді.
 
Петропавлда өткен бокс кеші Әбілхана Аманқұлдың WSB турниріндегі алғашқы жеңісімен аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша 75 келі салмақ дәрежедегі Рауль Санчес Мартеге қарсы жұдырықтасу нәтижесіндегі жеңісті қазылар бірауыздан жерлесімізге берді - есеп 3:0 (50:45, 49:46, 49:46).
 
Қорытынды 5:0 есеп бойынша жеңісті жерлестеріміз алды.