Қытайлық Цяньаньде құрлықаралық іріктеу турнирі басталды. Онда 2016 жылғы Олимпиада ойындарына жолдамалар беріледі. 
 
ҚазАқпараттың хабарлауынша, 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жүсіпов 1/8 финалға шықты. Ол үш кезеңде төрешілердің шешімімен Үндістан өкілі Маножа Кумарды (10:9, 10:9, 10:9) жеңді.
 
Ширек финалға жолдама таразыға салынатын жекпе-жекті Жүсіпов 28 наурызда өткізеді. Оның қарсыласы Оңтүстік Корея өкілі Хунчул Лим болмақ.