Қытайдың Цяньан қаласында Олимпиадаға жолдама беретін лизенциялық турнир басталды. Қазақстан намысын бұл жарыста 9 (6 еркек, 3 әйел) спортшы қорғайды. 

Жеребенің қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды:

 52 келі: Олжас Саттыбаев - Азат Үсеналиев (Қырғызстан);

56 келі: Қайрат Ералиев - Ченг-Лин Лин (Тайбэй)

64 келі: Абылайхан Жүсіпов - Кумар Маное (Үндістан)

Үш боксшымыз рейтингісінің жоғары болуына байланысты турнирді екінші кезеңнен бастайды: 

75 келі: Жәнібек Әлімханұлы - Макото Такахаши (Жапоня)/Ча-Вей Кан (Тайбэй);

81 келі: Әділбек Ниязымбетов - Хеген Янг (Оңтүстік Корея)/Сумит Сангван (Үндістан);

+91 келі: Иван Дычко - Джозеф Годалл (Аустралия)/Патрик Малата (Жаңа Зеландия). 

Әйелдер арасында Дариға Шәкімова 75 келіде оңтүстік кореялық Шиненг Киммен жұдырықтасса, Назым Ищанов (60 келі) Тонга өкілі Пуэки Фифитамен күш сынасады. Әлем чемпионы Назым Қызайбай 51 келі салмақ дәрежесінде бес дүркін әлем чемпионы Мэри Коммен кездеседі.