Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен америкалық былғары қолғап шебері Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жекке қосымша арзан билеттер (30 доллар) сатыла басталды, деп хабарлайды ProsportKz.kz.

Бұл туралы BoxingScene.com сайтына GGG-дің промоутері Том Леффлер хабарлады. 

Сондай-ақ, Томның айтуынша, аталмыш жекпе-жекке 11 мыңнан астам билет сатылды. 

«Сәуірдің 23-не жоспарланған жекпе-жек «Форум» аренасында нағыз аншлаг жинамақ. Қазіргі таңда, 11 мыңнан астам билет сатылды. Біз билеттерді адамға қол жетімді бағамен сатамыз. Әлемнің екі үздік боксшысы Геннадий Головкин мен Роман Гонсалестің кездесулерін өз көзімен көргісі келетіндер көп, сондықтан қосымша билеттерді сатылымға шығардық», - деді Леффлер.