«Puerto-Rico Hurricanes» бокс командасы Астанаға келіп жетті.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, команда құрамында 64 келі салмақта боксшысы жоқ. Осыған байланысты аталған салмақтағы қазақстандық былғары қолғап шебері Самат Башеновтің еншісіне бір ұпай жазылды. Ол Янкарлос Ривьерамен жекпе-жекке шығуы тиіс болған.

24 наурыз күні пуэрторикалықтар Петропавл қаласына барады, осы қалада 26 наурыз күні 17:00-де «Astana Arlans» пен «Puerto-Rico Hurricanes» кездесуі өтеді.