Американың The Ring Magazine басылымы әлем боксшыларының рейтингісін жаңартты.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) үздік боксшылар ондығы өзгерістерге ұшыраған жоқ. Рейтингте көшті Роман Гонсалес бастап тұр, екінші орында - Сергей Ковалев тұр, үшінші орын Геннадий Головкинге берілді.

Үздік боксшылар рейтингі:

1. Роман Гонсалес

2. Сергей Ковалев

3. Геннадий Головкин

4. Андре Уорд

5. Гильермо Ригондо

6. Теренс Кроуфорд

7. Мэнни Пакьяо

8. Сауль Альварес

9. Тим Брэдли

10. Шинсуке Яманака.