AIBA боксшылардың жаңа рейтингін жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат порталы хабарлады. 

46-49 келі:

Қазақстанның бірінші нөмірлі боксшысы Біржан Жақып бұл тізімде 500 ұпаймен 14-орында орналасқан.

52 келі:

Бұл салмақтағы қазақстандық боксшы Олжас Сәттібаев - тоғызыншы орында (850 ұпай).

56 келі:

Қайрат Ерәлиев болса 740 ұпаймен 12-сатыға жайғасқан.

60 келі:

Қазақстандықтар арасында бұл салмақтағы үздік нәтиже 400 ұпаймен 18-орында тұрған Зәкір Сафиуллинге тиесілі.

64 келі:

Ақпан айының үздік 69 боксшысының тізімінде қазақстандық бірде-бір былғары қолғап шебері жоқ.

69 келі:

Бұл салмақты қазақстандық Данияр Елеусінов көш бастап тұр. Оның жинаған ұпайы - 2000.

75 келі:

Жәнібек Әлімханұлы үздік 73 боксшының ішінде 1250 ұпаймен 4-орында тұр. Ол былтыр бірінші орында болған.

81 келі:

Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов екінші орында тұр - 1550.

91 келі:

Қазақстандықтар Василий Левит 900 ұпаймен - 6-шы, Антон Пинчук 700 ұпаймен 8-орынға орналасқан.

+91 келі:

Аса ауыр салмақты Иван Дычко көш бастап тұр. Оның жалпы ұпайы - 1640