Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесінде WBO чемпионы Билли Джо Сондерс WBA/IBF титулдарының иегері Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты.  

«Головкинмен кездесуді аңсап жүргенімді бәрі біледі. Қаншалықты мықты екенімді білу үшін Головкинмен жұдырықтасуым қажет. Әрине, бұл жекпе-жек тек қомақта қаржы төленсе ғана ұйымдастырылады», — деді Сондерс Boxing Scene сайтына.