Жартылай ауыр салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын кубалық Салливан Баррера Андре Уордқа қарсы кездесуге дайындығы жайлы айтып берді. 

«Керемет дайындықтан өттім, наурыздың 26-ы тарих бетін жаңартуға дайынмын. Ең пайдалы кеңесті Головкин берді. Ол маған Уордпен жылдам әрі мұқият жұдырықтасу керек екенін айтты. Абель Санчес салқынқанды болуымды сұрады.  

Уорд - әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі. Андрені құрметтеймін. Бірақ мен өзімді талантты боксшымын деп санаймын, өзімнің мықтылығымды дәлелдегім келеді. Мен үшін бұл үлкен жекпе-жек», — деді Баррера Boxing Scene сайтына.