Қазақстандық Геннадий Головкин WBO чемпионы Билли Джо Сондерстің өзара жекпе-жек өткізгісі келетініне сенбейтінін айтты.

«Билли Джо Сондерстің менімен жұдырықтасқысы келетіні тек әзіл болатын, бұл қалжың ғана. Мен «Канеломен» жұдырықтасып, үлкен кездесулерді өткізгім келеді. Бірақ басқа боксшылармен кездессем де, көңілім түспейді», - деді Головкин.