Дүниежүзілік бокс кеңесі   (WBC) өз  инстаграмында бокс жанкүйерлеріне қазақстандық Геннадий Головкиннің рингтегі ерекше сәттері туралы пікір қалдыруды сұрады.
 
ҚазАқпараттың хабарлауынша, жанкүйерлер GGG қашықтықты еңсеру шеберлігін, қарсыласына қысым көрсететінін, рингтегі оның жоғары IQ,  сол қолымен қарсыласының бүйір тұсына жасайтын ауыр соққыларын атады.    
 
Сондай-ақ Головкиннің жанкүйерлері боксшының сұхбат берген кездегі   қарапайымдылығы, ашықтығы  мен  жылы әсер сыйлайтын  адамгершілік қасиеттері жайлы жазды.