WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес өз жаттығуларының бірінен соң қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек туралы пікірін айтты.

«Бұл жекпе-жек кез келген жағдайда өтеді, бірақ оған уақыт керек. Мұнда келіссөздер өте көп, әр түрлі бизнес тұрғысы да есептеледі. Бұның бәрі уақытты алады, бірақ жекпе-жек өтеді», - деді «Канело».

Естеріңізге сала кетсек, дәл осындай пікірді Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя да айтқан болатын.