Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс атақты Уэмбли стадионында қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты.

«Мен әлем чемпионымын және менің өзіме деген сенімім арта түсті. Жеңілмейтін боксшы жоқ, мысалы, оны Тайсон Фьюри дәлелдеді. Егер Уэмблиде Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алсам, үздікті жеңе алатынымды әлемге дәлелдер едім», - деді Сондерс.