Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы 27-жастағы канадалық Давид Лемье (34-3, 31КО) келесі кездесуін Канело-Хан бокс кешінде өткізеді. Аталмыш жекпе-жек мамырдың 7-і, Лас-Вегас қаласында өтеді, деп хабарлайды allboxing.ru.

Давил Лемьенің қарсыласы 26-жастағы америкалық боксшы Глен Тапиа (23-2, 15КО). Қос боксшы өзінің соңғы кездесулерінде техникалық нокаутпен ұтылған болатын. Лемье 8-ші раундта Головкинге есе жіберсе, Тапиа 4-ші раундта франциялық Мишель Сородан жеңілді. 

Естеріңізге сала кетсек, Лемье өткен сенбі күні Джеймс Де ла Росамен жұдырықтасуы тиіс болған. Бірақ канадалық боксшы салмақ өлшеу рәсімінен өте алмай, Де ла Росаға қарсы кездесу өткізілмеді.