Хуан Мануэль Маркестің жаттықтырушысы Начо Берстайн қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин туралы оңды пікір білдірді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
 
«Егер Мейвезер кәсіби боксқа оралып, шаршы алаңда  Головкинмен кездессе, бұл ол үшін сәтті жекпе-жек болады деп ойламаймын. Головкин өзгелер ойлағаннан да мықты.  Менің пікірімше, Головкин салмақ дәрежесіне қарамастан, үздік боксшы. Ол - табиғи панчер, сондай-ақ ол дұрыс жұдырықтаса біледі», - дейді білікті бапкер.