Мексикалық боксшы Сауль Альварес орта салмақта емес, бірінші орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасатынын айтты, деп хабарлайды boxingsсene.com.

«Мен бірінші орта салмақ дәрежесінде (69 келі) өнер көрсетемін. Мен 160 (72 келі) фунтта емес, 154 (69 келі) фунтта жұдырықтасамын. Иә, менің орта салмақ дәрежесінде WBC чемпиондық белбеуім бар, бірақ мен 160 фунтта әлі бірде-бір кездесу өткізген жоқпын. Әмір Ханға қарсы 155 фунтта жұдырықтасамын. Сондықтан маған 160 фунтқа қатысты сұрақтар қоймаңыздар», - деді Сауль «Канело» Альварес.