Орта салмақ дәрежесінде WBA чемпионы Дэниэл Джейкобс келесі кездесуін WBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы ирландиялық былғары қолғап шебері Энди Лиге қарсы өткізуі мүмкін, деп хабарлайды allboxing.ru.

Аталмыш жекпе-жек мамырдың 21-і, Бруклиннің Barclays Center аренасында өтеді деп күтілуде.  

Естеріңізге сала кетсек, Энди Ли өзінің соңғы кездесуінде британиялық Билли Джо Сондерстен ұтылған болатын.