Бейбіт Шүменовтің келесі жекпе-жегі мамыр айында өтуі мүмкін. Бастапқыда жекпе-жек 2015 жылдың 18 желтоқсанында Лас-Вегаста өтуі тиіс болатын, бірақ, қазақстандық боксшының жарақат алуына байланысты бокс кеші кейінге шегерілді.

BNews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, Бейбіт Шүменовтің келесі қарсыласы – бірінші ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы поляк Кшиштоф Влодарчик (50-3-1, 35 КО). К.Влодарчиктің бапкері Федор Лапин оның шәкірті Бейбіт Шүменовпен (16-2, 10 КО) «ертең болса да» кездесуге дайын екенін айтты. Дегенмен, жекпе-жек тағы да кейінге, мамыр айына қалдырылып отыр. Бұған дейін жекпе-жек сәуір айына шегерілген болатын, деп хабарлайды «Р-Спорт».