«Тараздың» бас бапкері Нұрмат Мырзабаев «Қайратқа» қарсы матчтан кейін (2:1) өз шәкірттерінің жеңісі туралы ойымен бөлісті.

– Біз үшін бірінші ойын өте ауыр болды деп ойлаймын. Команда құрамы бір-бірімен енді үйреніп келеді, команда толықтай дайын емес. Кей ойыншыларды бүгінгі  матчқа тіркеп үлгермей қалдық. Бірақ жігіттер бұл жағдайдан абыроймен шығып, өздерінің мықты тұстарын көрсетті – тұтастық, бақылау және қарымта шабуыл. Құрамында шебер ойыншылары бар «Қайратқа» қарсы  ойнағанымыз белгілі.

– Жаңа маусымда команда алдына қандай мақсат қойылды?

– Биыл біздің мақсатымыз қарапайым – қашан да көбірек жеңіске жету. Біз өз алдымызға, команданың алдында әр матчта жеңіске жету деген мақсат қоямыз. Егер мұндай мақсат болмаса, қазір мұнда отырғанның не керегі бар?