5 наурыз күні Алматыда (Қазақстан) 21 жасар қазақстандық боксшылар Амир Салтаев пен Ернар Ешенов кәсіпқой рингтегі алғаш жеңістерін атап өтті, деп хабарлайды Inboxing.kz 
 
4 раундтық кездесу барысында Қарағандыдан келген Салтаев өзінің қарсыласы Біржан Тоқмолдаевты ұпай басымдығымен (40-36 екі рет, 39-37) ұтты.
 
Кейін шаршы аланда кәсіпқойқойлар арасында өнер көрсетпеген қос қазақстандық боксшы Ернар Ешенов пен Жақсылық Қырғызәли қолғап түйістірді. 4 раундтың ішінде боксшылар жеңімпазды анықтай алған жоқ. Сондықтан төрешілердің бірдей 40-36 есебімен жеңіске Ешенов жетті.
 
Кештің басты жекпе-жегінде Балқаштыкі Артем Бацунов пен Шымкенттен келген Мадияр Түлеубаев кездесті. 6 раундқа жоспарланған кездесу барысында Бацунов өзінің қарсыласын 3-ші раундта түзе буктірді.
 
Inboxing.kz сайтынан*