Сәуірдің 23-і, АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы Forum аренасында қазақстандық Геннадий Головкин америкалық Доминик Уэйдпен жұдырықтасады.  

Қазіргі таңда, аталмыш жекпе-жекке 10 мыңнан астам билет сатылды. Бұл туралы Головкиннің промоутері Том Леффлер мәлімдеді. 

Сондай-ақ, Головкиннің бокс кешінде шаршы алаңға пуэрторикалық былғары қолғап шебері Роман Гонсалез шығады.