Канадалық боксшы Давид Лемье болашақта қазақстандық Геннадий Головкинмен матч-реванш өткізгісі келетінін айтты.

«Головкинді ұта алатыныма әлі де сенімдімін. Ол – ұлы боксшы, мен оны құрметтеймін. Головкинмен өткен бірінші кездесуден көп сабақ алдым, енді аянбай тер төгіп, онымен қайта жұдырықтасқым келеді. Геннадий ауыр қарсылас. Бірақ егерде кездесуге жақсы «геймплан» болса, онда Головкинді жеңуге болады», - деді Лемье USA Today басылымына.

Естеріңізге сала кетсек, канадалық боксшы наурыздың 12-і шаршы алаңға қайта оралады. Давид Лемье мексикалық былғары қолғап шебері  Джеймс Де Ла Росамен жұдырықтасады.