Халықаралық бокс ұйымы  (IBO) наурыздағы жағдай бойынша барлық салмақ дәрежесіндегі әлем боксшыларының рейтингісін жаңартты.

Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы (53,5 келіге дейін) Жанат Жақиянов үш саты төмендеп, 50-ші орынға сырғыды. Бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегі (90,7 келіге дейін) Бейбіт Шүменов 11-шіден 8-ші орынға көтерілді. Ал  Иса Ақбербаев 35-ші орнында қалды.

Бірінші орта салмақтағы отандасымыз (69,8 келіге дейін) Қанат Ислам ТОП-жүздікке ілікпей қалды.