Америкалық НВО арнасының комментаторы Макс Келлерман орта салмақ дәрежесінде WBA/IBF чемпионы Геннадий Головкинге төтеп бере алатын жалғыз боксшы Андре Уорд екенін айтты, деп хабарлайды championat.com.

«Менің ойымша, Головкин Андре Уордке қарсы кездесуде ғана фаворит болмайды. Доминик Уэйд - жақсы боксшы, бірақ ол Головкинге қарсылас емес. Головкинді ұту үшін Андре Уорд сияқты өте шебер боксшы қажет», — деді Келлерман Fight Hype сайтына.