Қазақстандық 24 жастағы боксшы Айдос Ербосынұлы отандасы Геннадий Головкин мен америкалық Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жек туралы пікірімен бөлісті.

«Бұл бокс, сондықтан кез келген нәрсе болуы мүмкін. Бірақ та, Уэйд Головкинге қарсылас емес деп ойлаймын. Дәл қазір орта салмақта қазақстандықпен бәсекелесе алатын ешкім жоқ. Геннадийге қарсы Андре Уорд лайықты қарсылас бола алатын еді, бірақ ол жартылай ауыр салмаққа ауысып кетті», - деді Айдос.

Айта кетейік, Айдос Ербосынұлы кәсіпқой бокста үш кездесу өткізіп, үшеуінде де мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.