Петропавлдағы «Жеңіс» кешенінде Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) топтық кезеңінің аясында «Astana Arlans» пен «Puerto Rico Hurricanes» арасында матч өткізіледі.

Бастапқыда кездесу уақыты 19 наурыз деп белгіленген болатын. Дегенмен бүгін аталмыш жекпе-жектің нақты уақыты жарияланды. Кездесу 26 наурызда өтеді. Билеттер сатылымға 26 наурызда шығарылады.

Алдағы матчта рингке 49, 56, 64, 75 және 91 келі салмақтағы боксшылар шығады.