Британиялық Әмір Хан (31-3, 19 КО) WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (46-1-1, 32 КО) алдағы жекпе-жекті салмақ дәрежесіне қарамастан (pound for pound) ең үздік боксшы ретінде атанудың тамаша мүмкіндігі ретінде қарастырып отыр.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, олардың жекпе-жегі 7 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді. Бұл ретте Хан Альвареспен кездесу үшін 155 фунт аралық салмақ аясында сегіз фунтқа көтерілді.

«Мейвезер мен Пакьяо кетті, сондықтан бұл маған pound for pound-дың үздік боксшысы атануға бірден бір мүмкіндік. Альваресті құрметтеу керек, ол қазіргі кезде бірінші нөмірлі болып отыр. Оның есімі бокс әлеміндегі бастыларының қатарында. Бірақ оны жеңу маған жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік береді», - деді Хан The Mirror-ға.