Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында «Астана Арландары» әзірбайжандық «Baku Fires» командасын қапы қалдырды.

Астаналықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті. «Арландар» сапынан Закир Сафиуллин, Олжас Саттыбаев пен Нұрдәулет Жарманов жеңіске жетті. Айта кетерлік жайт, соңғысы қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберген.

Ал Тамерлан Абдуллаев пен Нұржан Бекзатов жеңіліп қалды.