WBC тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес (46-1-1, 32 КО) осы салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (34-0, 31 КО) 2016 жылы жұдырықтасатынына күмәнмен қарайтынын айтты.

Тengrinews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) боксшыларды кездесу алдында титулдарын бір қорғап қалуды міндеттеген болатын. Титулды бірінші болып, Головкин қорғап қалуға тырысады, ол америкалық Доминик Уэйдпен 23 сәуірде жұдырықтасады. Өз кезегінде Альварес 7 мамырда ағылшын боксшысы Әмір Ханмен кездеседі.

"Бұл жекпек-жек өтеді. Осы жолы бола ма деген сұраққа білмеймін деп жауап беремін. Айта алмаймын. Мен өз жекпе-жектерім жайлы келіссөздер жүргізбеймін. Егер жекпе-жектің біз қалаған шарттары болса, мәселе жоқ. Мен өз талаптарымды айтып қойдым", - деп мәлімдеді Альварес.

Айта кетейік, "Канело" 155 фунт аралық категориясында ғана жұдырықтасқысы келеді. Ал Головкин 160 фунтта кездесуді жоспарлап отыр.