«Astana Arlans» және «Baku Fires» командаларының боксшылары 4 наурызда Әзербайжан астанасында өтетін матч алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті. 
 
ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) чемпионаты аясында өтетін матчтағы жұптардың құрамы мынадай:
 
52 кг: Сәттібаев Олжас - Ибиев Магомед
 
60 кг: Сафиуллин Зәкір - Маммадов Насраддин
 
69 кг: Шымбергенов Асланбек - Абдуллаев Тамерлан
 
81 кг: Жарманов Нұрдәулет - Дахалицев Михаил
 
+91 кг: Бекзатов Нұржан - Махмудов Арслан
 
Еске сала кетейік, WSB-дің екі дүркін чемпиондары VI маусымда әзербайжандық команданы 4:1 есебімен жеңіп, маусымды сәтті бастаған. Ташкентте өткен екінші кезеңде «Арландар» осындай есеппен «Uzbek Tigers» құрамасынан жеңілді.