Golden Boy Promotions президенті Оскар Де Ла Хойяның пікірінше, Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жегін ұйымдастыруға қос боксшының танымалдылығындағы айырмашылық кедергі келтіруі ықтимал.

«Сөзіме сеніңіздер, бұл жекпе-жек болады. Ерте ме, кеш пе. Оны жасау қиындау болады, дегенмен, мүмкін. Головкин - тамаша боксшы, бірақ Канело сияқты супержұлдыз емес. Сізде Альварестей супержұлдыз және Головкиндей боксшы болғанда, келіссөз оңайға соқпайды әрі күрделі болуы мүмкін, бірақ мүмкін емес ештеңе жоқ», - деді Де Ла Хойя.