Америкалық НВО арнасының комментаторы Макс Келлерман Флойд Мэйвезердің Головкинді оңай ұта алатынына күмән келтірді.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр үлкен бокспен қош айтысқан әлемнің ең үздік боксшысы Флойд Мэйвезер қазақстандық Геннадий Головкинді еш қиындықсыз жеңетінін айтқан болатын.

НВО комментаторы Макс Келлерманның айтуынша, Мэйвезер ешқашан Головкинмен жұдырықтаспайды.

«Егерде Pound-for-pound тізіміне сүйенсек, онда иә, Мэйвезер Головкиннен жоғары тұр. Бірақ Флойд Геннадиймен ешқашан жұдырықтаспайды. Себебі, Головкин Мэйвезерден қарағанда әлдеқайда ірі. Бұған қоса қазақстандық боксшы орта салмақтың нағыз «патшасы». Сондықтан да Мэйвезердің әңгімелері бос сөз. Жалпы, оны ұта алатын әлемде қазір бір ғана боксшы бар – бұл Головкин», - деді Келлерман boxingscene басылымына.