Аllboxing.ru сайтының хабарлауынша, Golden Boy промоутерлік орталығының басшысы Оскар Де Ла Хойя Сауль Альварес пен Геннадий Головкин кездесу өткізетініне сенімді.

«Егер Канело мамырдың 7-де Амир Ханнан ұтылса, реванш болады, — деді Оскар. — Бірақ Сауль мен Головкин арасындағы жекпе-жек міндетті түрде өткізіледі. Маған Головкиннің стилі қатты ұнайды, ол нағыз жауынгер»