Сәуірдің 23-ші жұлдызына белгіленген Геннадий Головкин-Доминик Уэйд кешінің андеркартында бокстан әйелдер арасында екі жекпе-жек өтеді.

BNews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, бұл жекпе-жек аясында америкалық боксшы Сениеса Эстрада мексикалық Селена Лопеспен кездессе, Мексиканың тағы бір өкілі Кения Энрикес америкалық былғары қолғап шебері Амарис Кинтанамен жұдырықтасады.

«Нәзік жандылар бокс кешінің көрігін қыздыра түспек», - деді Головкиннің промоутері Том Леффлер.