Екі салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Серхио Мартинес  Сауль «Канело» Альвареске қарағанда Геннадий Головкин мықтырақ деп есептейді.

«Головкин Канелоға қарағанда жоғары тұр. Ол орта дивизионда лидер, ол әлдеқайда мықты. Головкиннің көп соққыны жіберіп алып, әлсіреп қалатын кезі де бар. Алайда ол 160 фунт салмақтағы боксшылардың ішіндегі ең мықтысы», - деді Мартинес.