Қазақстандық кәсіпқой боксшы Шыңғысхан Тәжібай бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде WBA чемпионы америкалық Эдриэн Бронермен бірге келесі жекпе-жегіне дайындалуда. 

Естеріңізге сала кетсек, жерлесіміз 1-ші сәуір күні Эдриэн Бронердің бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Әзірге оның қарсыласы белгісіз. Ал бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде Эдриэн Бронер британиялық Эшли Теофаномен жұдырықтасады.