Кәсіпқой боксшы Бернард Хопкинс қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинді спорттық мансабындағы соңғы кездесуіне таңдап алды.
 
Сондай-ақ АҚШ спортшысы Адонис Стивенсонмен шаршы алаңда кездескісі келген. Бірақ ол бастартыпты. Бұл туралы 24.kz сайты хабарлады.
Әлемнің екі салмақ бойынша чемпионы Бернард Хопкинс былғары қолғабын тастамас бұрын тағы бір кездесу өткізетінін мәлімдеді. Қарсылас ретінде қазақстандық Геннадий Головкин мен канадалық Адонис Стивенсонды таңдаған.