Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы британиялық Билли Джо Сондерстің қазақстандық боксшымен кездесуден бас тартпағанын айтты. 

«Біз Биллиге қаржылық түрде өте жақсы ұсыныс жасадық. Бұл оның мансабындағы ең үлкен жалақысы болар еді. Сондерс кездесуден нақты бас тартқан жоқ, ол Головкинмен бір-екі жекпе-жектен кейін жұдырықтасқысы келетінін айтты. Сондерс жақында ғана WBO чемпионы атанған, сондықтан ол қазір чемпиондық титулын қорғағысы келеді. Содан соң Головкинмен жұдырықтасады», - деді Леффлер Thaboxingvoice.com сайтына.