Катар елінде өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Ольга Рыпакова мен Элина Михина жеңіс тұғырынан көрінді.
 
400 метр қашықтықта бақ сынаған риддерлік желаяқ қыз Элина Михина әлем рекордын жаңартқан брунейлік Миждат Олувакемиға (51,67) ғана есе жіберді.
 
Ал Ольга Рыпакова 14,32 метр ұзындыққа секіріп, Азия чемпионатының жаңа рекордын орнатты.