Жасөспірімдер арасында Лиллехаммерде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында шорт-трек бойынша аралас командалық жарыстарда қазақстандық Анита Нагай қола медаль еншіледі.

ҚР ҰОК баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аралас команда құрамы 2 қыз және 2 жігітті қамтыған. Алтыншы нөмірлі командада Анита Нагаймен бірге Катрин Манойлова (Болгария), Карлис Крусбергс (Латвия), Казуки Йошинага (Жапония) болды. 4:17.181 минутта дистанциядан өткен олар мәреге үшінші болып жетті.

Алтынды екінші нөмірлі құрама еншіледі (4:14.413): Ане Бай Фаршиад (Норвегия), Джи Ю Ким (Оңтүстік Корея), Стейн Десме (Бельгия), Квентин Феркок (Франция).

Үшінші команда күміс жүлдегер атанды (4:14.495): Петра Язапати (Венгрия), Джулия Мур (Австралия), Тьерк Де Боер (Нидерланд), Киичи Шигеиро (Жапония).