Мансабын аяқтамай тұрып барлық салмақ дәрежесі бойынша (P4P, Pound for Pound) үздік боксшылар рейтингісінде көш бастаған америкалық кіші Флойд Мейуэзердің айтуынша, ол қазақстандық Геннадий Головкинмен бір салмақта өнер көрсетсе, оны оңай жеңеді.

«Бұл ешқандай құрметтемегенім емес, бірақ Головкин – өте турашыл боксшы, ешқандай арнаулы әсері де жоқ. Оны жеңу оңай жұмыс», - деді Мейуэзер.

Айта кетейік, кіші Мейуэзер өз мансабын аяқтағанын хабарлаған соң, Головкин америкалыққа бірінші орта салмақ дәрежесі аясында жекпе-жек өткізуді ұсынған.