Рио Олимпиадасына арналған киімді Ольга Шишигинаның тобы жасағаны белгілі болды. 

Арнайы спорттық киімнің ұлттық нақышпен өрнектелмегені былай тұрсын, түсі де тартымсыз. Ал оның үлгісін дизайнерлер емес, Ольга Шишигина бастаған бір топ спортшылар жасапты, деп хабарлайды КТК арнасы. Айта кетейік, Олимпиаданың ашылу салтанатында ерлер көк костюм, ақ шалбар, әйелдер көк көйлек кимекші.

"Ольга Шишигинаның алғашқы туындысы көпшілікті қуанта қоймаған секілді. Себебі ол біріншіден дизайнер емес, спортшы. Дегенмен, киім үлгісін әлі де жетілдіруге болады", - деп пікір білдірді дизайнер Құралай Нұрқаділова.