Кәсіпқой бокстан WBA (Super), IBF, WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы 25-жастағы америкалық боксшы Доминик Уэйд алдағы жекпе-жек жайлы айтып берді.

«Головкин ешқандай да «Супермен» емес. Оны жұрт асыра мақтайды. Мен Головкиннің осал тұстарын білемін. Иә, оның күші мығым, бірақ мен одан еш қорықпаймын», - деді Уэйд.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин-Уэйд жекпе-жегі сәуірдің 23-і, Лос-Анджелестің «The Forum» аренасында өтеді.