Қазақстан құрамасының Олимпиада ойындарына арналған киімі ғаламторда күлкіге қалды.

NUR.KZ-тің хабарлауынша, өнер жұлдыздары мен танымал тұлғалар спорттық киім туралы теріс пікірлерін фейсбук әлеуметтік желісінде жазған. Айта кетейін, кеше Астана қаласында Олимпиада ойындарына арналған киімдер көрсетілді. 

Өнер жұлдыздары «қазақстандық дизайнердің жұмысын барахолкадағы киіммен салыстырып, мұндай көнімді спортшы тұрмақ, қарапайым адам киюге ұялатынын, күлкіге айналдыра жазған. Ал «Проспорт.кз» сайтындағы сауланамаға қатысқан оқырмандардың 80 пайызы Олимпиадалық құраманың жаңа үлгідегі киімін «масқара» деді.