Қарағандылық кәсіпкер 110 млн теңге көлеміндегі жеке қаражатына спорт кешенін салды.

Мал шаруашылығымен айналыстан азамат ауылдастарына осылайша сыйлық жасаған екен. Қайрат Көпбаев есімді кәсіпкер спорт кешенін тұрғызу үшін ешкімнен көмек сұрамаған. Бұл мақсатта 110 млн теңгені өз қалтасынан шығарып, спортпен айналысам дегендерге тамаша мүмкіндік ұсынды.

Мемлекет бұл бастамаға қолдау көрсетіп, жерді тегін бөлген екен. Енді Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылында нағыз чемпиондар тәрбиеленеді деп үміттенеді меценат.