Екінші орташа салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусінов Нью-Йоркте америкалық Бернард Томаспен жұдырықтасты.

Бірінші раундта Елеусінов қарсыласының оң жақ бүйіріне соққы жасап, тізе бүктірді. Төреші жекпе-жекті тоқтату шешімін қабылдап, қазақстандық спортшы 1 минут 50 секундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл Елеусіновтің кәсіби рингтегі бесінші жеңісі болатын.