Нью-Йоркте бокс кеші болар күннің алдында салмақ өлшеу рәсімі өтті. Бұл кеште қазақстандық 29 жастағы Дәурен Елеусінов рингке шығады.

6 раундтық жекпе-жекте оның қарсыласы америкалық 25 жастағы Бернард Томас болмақ. Боксшылардың салмақтары қажетті дәрежеден аспады. Елеусіновтің салмағы 161 фунт (73 кг) болса, Бернард 162 фунтты (73,48 кг) көрсетті.

Бұл кездесу Елеусіновтың мансабындағы бесінші жекпе-жек болмақ, қазақстандық бұған дейінгі кездесулерінің бәрін де жеңіспен аяқтады. Оның үшеуі мерзімінен бұрын біткен.